2025-2026 оқу жылындағы 1-9 класс оқушыларына арналған мектеп формасы:
Ер балаларға: ақ түсті жейде, қою көк түсті көкірекше (жилет), қою көк түсті классикалық шалбар, қара немесе қою көк түсті классикалық аяқ-киім.
Қыз балаларға: ақ түсті жейде, ақ түсті бантик, қою көк түсті көкірекше (жакет), қою көк түсті белдемше (юбка), ұзындығы тізеден төмен болуы тиіс.
Ескерту!!!
❗❗❗Тізеден жоғары қысқалықта киюге болмайды🚫
❗❗❗Ер балалардың шалбарының ұзындығы тобықтан төмен болуы тиіс🚫
❗❗❗Қыз балалар белдемшесінің ұзындығы тізенің жабылуымен шектелуі тиіс🚫
Дене шынықтыру сабағына ақ футболка, спорттық костюм, кроссовки.
Мектеп оқушыларына қойылатын жалпы талаптар: мектеп формасы қатаң сақталуы тиіс! Ер балалардың шаштары қысқа үлгіде алынуы тиіс. Қыз балалардың шаштары өрілген, жиналған, тырнақтары алынған, косметикалық бояу қолданбауы тиіс!






